2015 жылы Қытайдың жалпы ішкі өнімі 8,4 триллион АҚШ долларын құрайды

БЕЙЖІҢ. 5 наурыз. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Алдағы бесжылдықта Қытай экономикасының орташа жылдық өсімі 7 пайызды құрап,

2015 жылы Қытайдың жалпы ішкі  өнімі  8,4  триллион  АҚШ  долларын  құрайды

2015 жылы Қытайдың жалпы ішкі өнімі 8,4 триллион доллардан асады. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябао сенбі күні Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының сессиясында мәлім етті.

Қытай премьерінің айтуынша, 2010 жылы елдің жалпы ішкі өнімі жылына орта есеппен 11,2 пайызға өсіп, 39,8 триллион юаньды (6,1 триллион долларды) құраған, бұл көрсеткіш Қытайға Жапониядан озып, әлем бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші экономика атануға мүмкіндік беріп отыр.

Бейжіңде басталған Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының дәстүрлі сессиясы 14 наурызда аяқталады.