23:12, 14 Қараша 2013 | GMT +5
2015 жылы Мәскеу метросында машиниссіз жүретін пойыздар пайда болмақ
АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - 2015 жылы Мәскеу метросында пойыздар машиниссіз жүрмек. Бұл туралы метрополитен басшысы Иван Бесединге сілтеме жасап «Интерфакс» хабарлайды.

«Сағатына пойыздардың кемінде 30 жұбы, яғни екі минуттан кем емес аралықта қатынауы мүмкін болған кезде біз автоматты жүргізуге ауыса аламыз», - деді ол.
Бесединнің сөзіне қарағанда, мұндай пойыздар Мәскеу метросында 2015 жылы пайда болуы тиіс, деп жазады «Газета.Ru».