2015 жылы мемлекеттік сатып алуларда талаптарды жөнсіз жоғарылатудың 400-ге жуық оқиғасы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері мемлекеттік сатып алуларда талаптарды жөнсіз жоғарылатудың 395 фактісі анықталды.
None
None

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев мәлім етті.

«Конкурстық құжаттарды дайындауға келетін болсақ, онда біраз мәселелер бар, атап айтқанда, конкурстық құжаттарды белгілі бір компанияның мүмкіндіктеріне сай шақтау фактілері тыйылмай келеді. 2015 жылдың өзінде мемлекеттік сатып алуларда талаптарды жөнсіз жоғарылатудың 395 фактісі анықталды. 40 мемлекеттік сатып алу конкурсы жарамсыз деп танылды, 9 келісімшарттың күші жойылды және 84 лауазымды тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп атап өтті ол.

Вице-министрдің сөзі бойынша, осындай жәйттарды азайту мақсатында болашақта байқау құжаттарының техникалық ерекшеліктерін талқылау мен құжаттарды стандарттау институты заңнамалық деңгейде енгізіледі. Тендерге қатысып отырған әрбір компания байқау құжаттарын заңда бекітілген стандарттарға сай не сай еместігін қарап, қандай да бір сәйкессіздік тапса, сотқа жүгіне алмақ.

«Сондықтан біз тендерге қатысу жөніндегі құжаттарды тек электронды нұсқада қабылдау тетігін енгізген болатынбыз. Ол бізге негізгі параметрлерді бақылауда ұстап тұруға мүмкіндік берді», - деп атап өтті вице-министр.

Соңғы жаңалықтар