2015 жылы сальмонеллез ауруын жұқтырған 100 тоннаға жуық құс еті жойылды - ҚР АШМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ветеринарлық инспекторлары отандық және импорттық сапасыз мал шаруашылығы өнімдерінің сауда саттық орындарына жол бермеу мақсатында кешенді шараларды атқаруда, деп мәлімдеді аграрлық ведомствоға сілтемемен primeminister.kz.

2015 жылы сальмонеллез ауруын жұқтырған 100 тоннаға жуық құс еті жойылды - ҚР АШМ

Сонымен, ҚР АШМ мәліметінше, жыл басынан бастап, тексеру қорытындысы бойынша ветеринарлық инспекторлармен 3 млн теңге көлемінде 70 айыппұл салынды. Оның ішінде ілеспе ветеринариялық құжаттары жоқ, шыққан орны көрсетілмеген және автокөлікпен тасымалдаған кезде ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтамау бұзушылықтары орын алған.

«2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін лабораториялық зерттеулер негізінде сальмонеллез ауруы анықталған 98 тонна құс еті тәркіленіп, жойылды. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің инспекторлары «Нұрдаулет», «Алем», «Астаналық базары» сауда үйлерінен ветеринариялық құжатсыз 60 кг-ден аса құс етін тәркіледі. Польша және Германия елдерінен әкелінген 32 666,46 тонна сиыр бауырынан Listeria monocytogenes және ішек таяқшаларының бактериялары анықталды», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының мемлекеттіқ басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шараларына сай ветеринария саласындағы функциялардың барлығы жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берілді. Жалпы Астана қаласы бойынша 14 ішкі сауда объектісі бар.

«Барлық ішкі сауда орындарында ветеринариялық мамандар бекітілген. Олар бақылауға жатқызылған жүктерге, мемлекеттік ветеринариялық бақылау жүргізіп, арнайы ветеринариялық ілеспе құжаттарын береді, жануарларды тексереді, шикізат өнімдерін және басқа да өнімдерді бақылайды. Барлық базарларда мал өнімдеріне сараптама жүргізетін арнайы лицензиясы бар ветеринарлық-санитарлық зертханалар қызмет етеді», - делінген хабарламада.