2015 жылы Уитни Хьюстон туралы фильм көрермендерге ұсынылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та Уитни Хьюстон туралы фильм түсірілмек. Американдық әртіс Анджела Бассет аты аңызға айналған әнші Уитни Хьюстон туралы фильмнің режиссері ретінде бағын сынап көрмек.
Бұл туралы бейсенбі күні LifeTime TV компаниясы хабарлады, деп жазады ИТАР-ТАСС.
«Уитни Хьюстон мен оның бұрынғы жолдасы Бобби Браунның дарыны мен жетістігін жоғары бағалаймын. Осы екі тұлғаның өмір тарихын көпшілікке жеткізуде жауапкершілікті сезінемін және қажет деп санаймын», - деді Бассет.
Variety журналының деректеріне сүйенсек, бұл фильм аты аңызға айналған орындаушы мен атақты әнші Бобби Браунның махаббат хикаясы туралы болмақ. «Уитни Хьюстон» картинасының премьерасы 2015 жылы жұртшылыққа жол тартпақ.