2015 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасына 4,3 мың мүгедек қатысты - ҚР ДСӘДМ

Ведомствоның хабарламасында аталып өтілгендей, өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасына 4,3 мың мүгедек және балалар үйінің 194 тәрбиеленушісі, мектеп, орта және жоғары білім беретін мекемелердің 20,6 мың түлегі қатысты.
Ведомствоның ақпаратынша, 2015 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасына 133 мыңға жуық қазақстандық қатысты. Оның ішінде 72 мың адам (54,1%) жұмыссыз, өзін өзі өнімсіз еңбекпен қамтығандар - 61 мың (45,8%), тағы 133-і (0,1%) - ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлер.
Еске сала кетейік, 2015 жылы ҚР ДСӘДМ қызметкерлері Елбасының жұмыссыздыққа жол бермеу тапсырмасын орындау мақсатында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын жандандыру жұмыстарын жүргізді. 2015 жылы 8 желтоқсанында ҚР Үкіметі жұмыс орындарын құру мен сақтауға бағытталған «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасына енгізілген түзетулерді мақұлдады.
Кәсіпорындарда жоғары білікті мамандардың жұмыс орындарын сақтау үшін жұмыс уақытының қысқаруына байланысты еңбекақының 2/3 бөлігіне уақытша субсидиялау тетіктерін енгізу қарастырылды.
Сондай-ақ, кәсіпорын жұмыс орнын сақтаған жағдайда, қызметкерлерді, оның ішінде жұмыс істейтін жастарды жұмыс берушілер тарапынан қоса қаржыландыруы немесе, толық мемлекет есебінен оқытуды ұйымдастыру қарастырылады.
Қосымша жұмыс орындарын құру үшін «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қолданылатын құралдар күшейтіледі. Бұл инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастыру, барлық мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалар аясында жүзеге асырылатын жобалардың мүмкіндіктерін қолдану және кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын несие беру сияқты шаралар болуы мүмкін.