2016 жыл қазақстандықтардың қалтасына салмақ түсірді

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2011-2015 жылдары Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен де кем табыс табатын халықтың саны күрт қысқарды. Осы кезеңде олардың саны 2 еседен астамға азайды. Дегенмен, 2016 жылы бұл процесс тек қана тоқтап қоймай кері үрдіс қылаң берді. Мәселен, 3 тоқсанның қорытындысында мұндай қазақстандықтардың саны 452 мың адамды құрады немесе 1 жылғы бұрынғы көрсеткіштен 6 мың адамға көп болды. 2015 жылдың 3 тоқсанының соңындағы деңгеймен салыстырғанда аз қамтылған қазақстандықтардың саны 27 мың адамға көбейді. Ал осы кезеңде Қазақстандағы ауқатты азаматтардың қатары 18,3 мың адамға көбейді.
Қазақстанның ауқатты азаматтарының 10 пайыздан астамы халықтың барлық табысының 23,6 пайызына иелік етеді. Бұл ретте Қазақстандағы теңсіздік деңгейі төмен (0,281) қалып отыр. Дегенмен, 2013 жылмен салыстырғанда оның көрсеткіші біршама өскен.
Қазақстанның ең кедей тұрғындары еліміздің мына оңтүстік өңірлерінде тұрады: ОҚО (289,6 мың адам, 2016 жылдың 3 тоқсанысоңындағы дерек), Алматы облысында (201 мың адам) және Алматы қаласы (175 мың адам).
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейінгі антирекорд 2009 жылы белгіленген еді. Ол кезде халықтың шынайы табысы бір жылда 3,1 пайызға кеміген болатын.