2016 жылдан бастап полиэтилен пакеттерді пайдалануға тыйым салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда экология үшін күресу мақсатында полиэтилен пакеттерге жан-жақты тыйм салынуда, деп хабарлады Le Parisien сілтеме жасай отырып Euromag.ru.

2016 жылдан бастап полиэтилен пакеттерді пайдалануға тыйым салынады

2016 жылдан бастап экологияға зиянды ақылы немесе еркін қолжетімді пакеттер дүкендерде қолданылмайтын болады. Бұл талапты орындамағандарға айыппұл салу көзделген.

Оның орнына қоршаған ортаға зияны аздау биоірігіш қалталар енгізіледі. Бұл заңның қабылдануы туралы мәселе туындағанына біраз уақыт болған. Экологтардың күшімен ірі супермаркеттерде таралған полиэтилен пакеттердің санын 10,5 млрд-тан 700 миллионға дейін қысқартуға мүмкін болды, алайда әлі де 5 млрд. бір рет пайдаланылатын пакеттер мен көкөністер мен жемістер үшін 12 млрд. орама пакеттер пайдаланылып отыр. Полиэтилен пакеттерді пайдалануға салынған тыйым 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.