2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Ұлт жоспарын іске асыруға кіріседі - Н.Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың соңына дейін 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлт жоспарын іске асыру үшін заңнамаға өзгерістер енгізу міндеті тұр. Бұл туралы «Хабар» телеарнасындағы «Назарбаевпен ең бастылар жайында...» деректі сұхбат-фильмінде Мемлекет басшысы хабарлады.
«Қазіргі кезде Дүниежүзілік банктің дәрежелеуі бойынша орташа дамыған мемлекет, табысы орташа мемлекет деп аталып отырмыз. Бұл да жаман емес, бұл өте жақсы. Біз көбін басып оздық. Енді алдымызға әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру мақсатын қойдық. Асығу керек, бір орында тұрып қалуға болмайды. Жаңа экономикалық саясат сол үшін қажет. Бес институционалдық реформа, 100 қадам... бүгінде барлығы оқып отыр, түсініктеме беріп, оның дұрыс жасалғанын айтуда...», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президентінің айтуынша, бұл үлкен жұмыс Қазақстанның болашағы, халық үшін атқарылып отыр.
«Мен комиссияны (Жаңғырту бойынша ұлттық комиссия) олардың не істеп үлгергенін тыңдаймын. Біздің мақсатымыз - 1 қаңтардан бастап осы бағыттардың барлығы бойынша жұмыс істеу үшін 2016 жылдың қаңтарына дейін заңнамаға өзгерістер енгізу», - деп түйіндеді сөзін Н.Назарбаев.