2016 жылдың 1 тоқсанында өнеркәсіп өнімдерін өндіру 21,9 пайызға өсті - ШҚО әкімі

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 1 тоқсанында өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 21,9 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында өңір басшысы Даниал Ахметов мәлім етті.

2016 жылдың 1 тоқсанында өнеркәсіп өнімдерін өндіру 21,9 пайызға өсті - ШҚО әкімі

«Ағымдағы жылдың 1 тоқсаны аяқталды. Ішкі және сыртқы факторларды қоса алғандағы жалпы өңірлік өнімнің атаулы көлемі 500 млрд теңгеден асатындығы күтілуде. Бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 102 пайызды құрайды. Өнеркәсіп өнімі көлемі 301 млрд теңгені немесе 121,9 пайызды, ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 30,1 млрд теңгені немесе 105 пайызды құрап отыр», - деді Д.Ахметов.

Оның айтуынша, биыл Шығыс Қазақстан облысында 65,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Өсім - 3,5 пайыз. Бірінші тоқсанның қорытындысына сәйкес мемлекеттік бюджетке 49,9 млрд теңге салық пен төлемдер аударылды. Бұл 2,5 пайыз өсімді құрайды. Оның ішінде жергілікті бюджетке 22,3 млрд теңге аударылып отыр. Бұл да өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 110,4 пайызға артық.

Сонымен қатар әкім өз сөзінде өңірде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау жұмыстары Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, реформалар, даму» атты Жолдауындағы тапсырмаларға сай жүргізіп жатқанын, экономика өсімін қарқынын сақтауға, мығым әлеуметтік кепілді қамтамасыз етуге бағытталған атап өтті.