2016 жылдың алғашқы тоқсанында iPhone смартфондарының сатылуы төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Apple» корпорациясы «iPhone» смартфондарының сатылу көрсеткіші төмендегенін бірінші рет тіркеді. Ол туралы компанияның алғашқы үш айдың қорытынды есебінде жазылған.

2016 жылдың алғашқы тоқсанында iPhone смартфондарының сатылуы төмендеді

2016 жылдың алғашқы тоқсанында 51,2 млн смартфон сатылған. Бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмен, ол кезде «Apple» 61 млн «iPhone» сатқан, деп жазады ТАСС.