2016 жылдың бірінші тоқсанында еліміздегі ЖІӨ былтырмен салыстырғанда 99,8 пайызды құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің хабарлауына қарағанда, алдын ала деректер бойынша 2016 жылғы қаңтар-наурыздағы Жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 99,8 пайызды құрады.

2016 жылдың бірінші тоқсанында еліміздегі ЖІӨ былтырмен салыстырғанда 99,8 пайызды құрады

Мәліметтерге қарағанда, ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 34,1 пайыз, қызметтер - 58,3 пайызды құраған. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы, балық аулау саласында - 2,1 пайызды, өнеркәсіп саласында - 28,6 пайызды құраған. Есепті кезеңде Жалпы ішкі өнімнің құрылыс саласындағы үлесі 3,4 пайызды, ал өнімге салынатын салықтар 7,6 пайызды құрап отыр.