2016 жылдың бірінші жартыжылдығында инфляция 4,6%-ды құрады - ҚР Ұлттық банкі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында инфляция 4,6 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің отырысында «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының және мемлекеттік бюджетінің атқарылуының 2016 жылғы 6 айдағы қорытындылары туралы» мәселе бойынша баяндама жасаған ҚР ҰБ Төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов мәлім етті.

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында инфляция 4,6%-ды құрады - ҚР Ұлттық банкі

Ол өз баяндамасында инфляциялық күтулерге қатысты маусым айында жүргізілген сауалнама нәтижесінде алынған деректерді келтірді.

Сонымен, алдағы 12 айда инфляцияның жеделдеуін немесе оның ағымдағы деңгейде сақталуын күтетін қазақстандықтардың үлесі наурыздағы 42,2 пайыздан 36,3 пайызға дейін төмендеген.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ғалымжан Пірматов өз сөзінде 2016 жылғы қаңтар-маусым аралығында инфляцияның 4,6 пайыз деңгейінде қалыптасқандығын атап көрсетті.

«Соңғы айлары инфляция іс жүзінде күтулер мен болжамдарға толығымен сәйкес келеді. Ал бұл, барынша ықтималдылықпен 2016 жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция бойынша 6-8 пайыздық нысаналы дәлізге қол жеткізіледі және ол келесі жылдың соңына дейін сақталады деп пайымдауға толығымен негіз бола алады», - деді Ғ. Пірматов.