2016 жылдың І тоқсанында Қазақстан 2,8 млн тонна мұнай өңдеген - Энергетика министрі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың І тоқсанында Қазақстан 2 млн 830 мың тонна мұнай өңдеген. Бұл туралы бүгін еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті.
None
None

Айта кетейік, бүгін ведомствода жанар-жағармай кешені мен экология жөніндегі қоғамдық кеңестің есеп беру кездесуі өтті.

«2015 жылы 14 млн 550 мың тонна мұнай өңделген еді. Яғни, бір жылдың жоспары 100 пайыз орындалған. Ал, 2016 жылдың бірінші тоқсанында 2 млн 830 мың тонна мұнай өңделді. Былтырғы жылдың жоспарынан 300 мың тоннаға қалып келеміз», - деп мәлім етті Қ.Бозымбаев.

Дегенмен, Қ.Бозымбаев атап өткендей, мұнай өңдеу көлемі жалпы алғанда артып келе жатыр. «Мұнай өңдеу көлемі артып келе жатыр. Жарты жылдың қорытындысы бойынша, жоспарды орындап шығамыз деген үміттеміз. 2016 жылдың толық жоспары - 14 млн. тонна мұнай»,-деді Қ.Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар