13:21, 23 Ақпан 2016 | GMT +5
2016 жылдың ортасына дейін Үкімет елдің дамуының жаңа стратегиялық жоспарын әзірлейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың ортасына дейін Үкімет елдің дамуының жаңа стратегиялық жоспарын әзірлейді. Бұл туралы бүгін тілшілерге ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Үкімет тиісті бастамамен Мемлекет басшысына жүгінде және Елбасы қолдау білдірді. Біз 2025 жылға дейінгі елдің дамуының жаңа стратегиялық жоспарын әзірлейміз. Бұл бағыттағы жұмыс жылдың ортасына дейін аяқталады. Жоспарда барлық жаңа үрдістер, Қазақстан экономикасын дамытудың жаңа бағыттары көрініс табады», - деді Е. Досаев.
Сонымен қатар, министр елдің 2016 жылға әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа болжамы бекітілгенін жеткізді.
Есепті бағам 300-ден 360 теңгеге дейін өзгертілді. ЖІӨ өсімінің болжамы 2,1 пайыздан 0,5 пайызға дейін төмендетіледі. Ал инфляция деңгейі 6-8 пайыз деңгейіндегі бұрынғы дәлізде сақталмақ.