17:40, 11 Наурыз 2016 | GMT +5
2016 жылдың соңында салықты кез келген салық органында төлеуге болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік қызмет жүйесінің эксаумақтық принциптерін енгізбек. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Даму және жаңғырту департаментінің директоры Ержан Біржанов мәлім етті.

«1 сәуірден бастап, біз мемлекеттік қызмет жүйесінің эксаумақтық принциптерін енгіземіз. Бұл нені білдіреді?! Салық төлеушіге оның қай ауданда тіркелгені маңызды емес, бастысы - мемлекеттік қызметті алу. Ол кез келген салық органына келе алады және оның қай ауданда есепте тұрғанына қарамастан, оған мемлекеттік қызметтің кең ауқымы сапалы ұсынылуы тиіс», - деді Е.Біржанов.
Оның сөзі бойынша, аталған жүйе ілкі режімде СҚО, Қостанай және Ақмола облыстарында енгізіледі.
«Жылдың соңына қарай бұл принципті бүкіл республикаға тарататын боламыз», - деді ол.