2016 жылдың үздік волонтері анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев 2016 жылдың үздік волонтерін таңдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 2016 жылдың үздік волонтері анықталды

Министр атап өткендей, бұл байқаудың мақсаты - еріктілер ұйымдарының жұмысын бағалау, жеке волонтер мен еріктілер ұйымдары жүзеге асырған жобаларды саралап, тынбай еңбек еткен жастарға алғыс жариялау.

«Республиканың түпкір-түпкірінен осы жарысқа 150-ден астам волонтер мен волонтерлік ұйымдар өтініш түсірген екен. Яғни, Қазақстанда да азаматтық қоғамның айнымас бір бөлігі - еріктілер институты дамып келеді. Шын жүректен жан-жағына жақсылық жасап, жұмыс істейтін адам - нағыз қаһарман»,-деді құттықтау сөзінде Н.Ермекбаев.
null 

Жалпы, жарысты ұйымдастырушылар жеңімпаздарды үш номинация бойынша марапаттады. «Үздік волонтер» номинациясында 1-орын Аружан Қырымбаеваға, 2-орын Сымбат Рамадинқызына, 3-орын Әзиза Гүлмұратоваға бұйырды.

«Үздік волонтерлік ұйым» номинациясында 1-орынды «Болашақ» волонтерлік ұйымы», 2-орынды «Ұлағат Ұландары» ұйымы, 3-орынды «Екібастұз ГРЭС-1» жастар кеңесі алды.

Айта кетейік, байқаудың жүлде қоры - 360 мың теңге. Бірінші орын иелері - 50 000 теңге, екінші орын иелері - 40 000 теңге, үшінші орын иелері 30 000 теңге көлемінде жүлде алды. 


nullnull