2016 жылға дейін елімізде 350 емдеу мекемесі салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылға дейін елімізде 350 емхана мен дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Серікбол Мусинов айтты.

2016 жылға дейін елімізде 350 емдеу мекемесі салынады

Сонымен қатар оның атап өтуінше, «100 мектеп, 100 аурухана» жобасы аясында 92 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілген. Олардың қатарында перзентханалар, балалар ауруханасы мен емханасы бар.