12:42, 19 Қаңтар 2015 | GMT +5
2016 жылға қарай Жер тұрғындарының 1%-ның байлығы қалған 99%-дан аспақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылға қарай Жер тұрғындарының 1%-ң байлығы қалған 99%-дан да асады, деп ескертеді британиялық Oxfam қайырымдылық ұйымы.
ВВС хабарлағандай, ұйым швейцариялық Давоста болатын Бүкіләлемдік экономикалық форум қарсаңында өсіп келе жатқан теңсіздікке назар аударту мақсатын көздеп отыр.
Oxfam басшысы Уинни Бьяньима теңсіздік ұлғайып, байлар мен ең кедей адамдар арасындағы айырмашылық (қашықтық) қарқынды түрде артып келетінін айтты.
Қайырымдылық ұйымы әлемдегі мемлекет басшыларын салық төлеуден жалтарумен күресуге, мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға, сонымен қатар заң негізінде жалақының ең төменгі мөлшері мен өмір сүрудің төменгі деңгейін бекітуге шақырды.