10:15, 31 Желтоқсан 2015 | GMT +5
2016 жылғы 1 қаңтарда әлем халқы 7,3 миллиард адамға жетеді
АСТАНА. ҚазАқпарт - 2016 жылғы 1 қаңтарда әлем халқының саны 7,3 миллиардқа жетеді, деп хабарлады АҚШ Халық санағы бюросы РИА Новости.

1 қаңтарда әлем халқы 1 жылда 78 миллионға (1,08 пайыз) ұлғайып, 7 миллиард 295 миллион 889 мың 256 адамды құрайды деп болжануда.
АҚШ-та жыл басында халық саны 2,47 миллионға немесе 0,77 пайызға артып, 322 миллион 762 мың адамды құрайды. 2010 жылғы соңғы халық санағынан кейін АҚШ тұрғындарының саны шамамен 14 миллионға көбейді.
Әлемдегі ең халқы көп ел - Қытай (1,367 миллиард адам), одан кейін Үндістан (1, 252 миллиард адам) және АҚШ, Индонезия, Бразилия, Пәкістан, Нигерия, Бангладеш. Ресей 142, 423 миллион адаммен 9-шы орында, оныншы орында Жапония тұр.