2016 жылғы Ислам туризмінің орталығы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ислам Ынтымақтастық ұйымы 2016 жылғы Ислам туризмінің астанасы Иерусалим қаласы болады деп таңдады, деп хабарлады www.muslim.kz.
None
None

Бұл жайында ақпар таратқан Палестинаның дін істері министрі Махмұд Хабаштың айтуынша, бұл исі мұсылман қауымы мен христиандар үшін қасиетті саналатын орындарды Израиль қоршауынан азат етуге бағытталған қадам болып табылады.

«Олар Иерусалимнің Ислам әлемі мен араб мәдениетінде алар орнын өшіргілері келгенімен, Шаһар бәрібір Палестинаның діни әрі саяси астанасы болып қала бермек. Бұл тарихи шындық», - дейді министр өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар