2016 жылғы Олимпиада ойындары Рио-де Жанейрода өтеді

АСТАНА. Қазанның  3-і.  ҚазАқпарат -  Бразилия   Олимпиада  ойындары  өтетін    бірінші  латынамерикалық ел  атанды,

2016 жылғы  Олимпиада ойындары Рио-де Жанейрода  өтеді

деп  хабарлайды  ВВС телекомпаниясы.

Халықаралық  олимпиадалық комитетте  өткен дауыс беруден  кейін,  2016 жылғы Олимпиада ойындарын Рио-де Жанейро қаласы  қабылдайтын  болды.  Бразилия қаласы  бұл    таласта  Испания елордасынан   басым  түсті.

Көңілі  босаған Бразилия Президенті Инасио   Лула  да  Силваның   сөзімен     айтқанда,  «әлем Бразилияның  уақыты келгенін мойындады»,  деп   хабарлайды  ВВС.