2016 жылғы тамызда біріктірілген Салық және Кеден кодексінің жобасы Парламентке енгізіледі - Е.Досаев
«Бюджеттен күрделі шығындарды қаржыландырудың сервистік моделін қолдану мүмкіндігі үшін 2016 жылғы наурызға дейін үлгілік сервистік келісімшарт әзірленетін болады. Сонымен қатар жалпы сипаттағы трансферттер туралы заң жобасын әзірлеу кезінде республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен барлық жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыру 2017 жылдан бастап толықтай жергілікті деңгейге берілетін болады»,- деді Е.Досаев. Мұнымен қоса, министр салық жүйесін түбегейлі реформалау мақсатында Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі 2016 жылғы тамызда ҚҚС-ының орнына сатудан түсетін салықты енгізуді, салық режімдерін үш деңгейге дейін оңтайландыруды, тиімсіз салықтық жеңілдіктерді жоюды, сондай-ақ салық саласының ашықтығы мен салықты әкімшілендіру тиімділігін арттыруды көздейтін біріктірілген Салық және Кеден кодексінің жобасын Парламентке енгізетін болады.