2016 жылы 18 қыркүйекте Ресейде Мемлекеттік Дума депутаттарының сайлауы өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Владимир Путин «Ресей Федерациясының Федералдық Жиыны Мемлекеттік Думасының жаңа шақырылымдағы депутаттарын сайлау туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ресей Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Құжат мәтінінде аталып өтілгендей, 2014 жылғы 22 ақпандағы «Ресей Федерациясының Федералдық Жиыны Мемлекеттік Дума депутаттарын сайлау туралы» № 20-ФЗ Федералдық заңының 5 бабы 2 бөліміне сәйкес РФ Президенті Ресей Федерациясының Федералдық Жиыны Мемлекеттік Думасының жаңа шақырылымдағы депутаттарының сайлауын 2016 жылы 18 қыркүйекте өткізуге қаулы етті.