2016 жылы Ақтаудағы құрғақ жүк терминалдары пайдалануға беріледі
АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Көлік инфрақұрылымын 2020 жылға дейін дамыту мемлекеттік бағдарламасын таныстыру кезінде ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
Бүгінде Ақтауда порттың өткізу қабілеттілігін кеңейту жобасы іске асырылуда, осы орайда құрғақ жүкке негізделген 3 терминалдың құрылысы қарастырылған. «Су көлігі инфрақұрылымын дамыту аясында Ақтау портын кеңейту көзделіп отыр. Бүгінде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Құрғақ жүктің 3 терминалына тоқталатын болсақ, жеке инвестиция есебінен бұл нысандар 2016 жылы пайдалануға беріледі»,-деді министр. А. Жұмағалиевтің сөзіне қарағанда, Ақтау портының өткізу қабілеттілігі жылына 16,8 миллион тоннадан 20,5 миллион тоннаға дейін артатын болады.