2016 жылы әлемде 93 журналист қаза тапқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы әлемде түрлі жағдайда 93 журналист қаза тапқан. Бұл туралы Халықаралық журналистер одағы мәлімдеді, деп жазады «Хабар 24».

2016 жылы әлемде 93 журналист қаза тапқан

Ұйымның айтуынша, ақпарат құралдарының мамандары 23 елде лаңкестік әрекет пен атыс кезінде көз жұмған. Көбісі Ирак, Ауғанстан, Мексика елдерінде көз жұмған.

Тағы 29 журналист екі ұшақ апатының құрбаны болған. Олардың 20-сы Бразилия елінің азаматы, ал қалғаны жақында ғана Қара теңізде әскери ұшақта кетіп бара жатып апатқа ұшырған ресейлік тілшілер.