2016 жылы арнайы экономикалық аймақтарда 100 млрд. теңгеге 25 жоба іске қосылады

Жобалар 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға жағдай жасайды деп жоспарланған.
«Бізде арнайы экономикалық аймақтарды дамытудың нақты стратегиясы бар. Әрбір АЭА үшін оның даму бағыты көрсетілген. 10 аймақ жеке-жеке кластер құруы тиіс. Мәселен, «Қорғас - Шығыс қақпалары» арнайы экономикалық аймағында заманауи логистикалық орталық салынып жатыр. Ал «Астана - жаңа қала» АЭА-да теміржол құрылысы саласының кластері қалыптасты десе де болады. «Оңтүстік» АЭА-да мата жеңіл өнеркәсіп мықты қолға алынса, Атырау және Павлодар арнайы экономикалық аймақтарында химия кластері дамуда», - деп атап өтті А. Айдаров.
Оның сөздеріне қарағанда, 147 кәсіпорын АЭА-да жұмыс жасайды, тағы 100 жоба іске асыру жоспарда бар. А.Айдаров олар арнайы экономикалық аймақтарға кірмес бұрын жіті талдаудан өтеді. Ол аймақтарға тек қосымша құны жоғары тауарлар шығаратын өндірістер мен Астананың дамуына қажетті маңызды жобалар ғана жіберіледі.
«Біздің жоспарымыз бойынша, 2016 жылы арнайы экономикалық аймақтарда 100 млрд. теңгеге 25 жоба іске қосылады. Онда шамамен 2 мың жұмыс орны ашылады», - деді KAZNEX INVEST басшысының орынбасары.