2016 жылы «Астана-Щучье» ақылы автожолы арқылы 1, 25 миллиард теңге жиналды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 2016 жылдың қорытындысы бойынша «Астана-Щучье» ақылы автожолы арқылы 1 миллиард 251 миллион теңге ақша жиналды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Қазавтожол» ҰК» АҚ-на сілтеме.

2016 жылы «Астана-Щучье» ақылы автожолы арқылы 1, 25 миллиард теңге жиналды

«2016 жыл бойынша жоспар 1 миллиард 144 миллион теңгені құраса, ол 107 миллион теңгеге артық орындалды. Жиналған ақшаның барлығы дерлік жолды күтіп, ұстауға және төлемдерді қабылдау жүйесін жаңғыртуға бағытталды», - деп көрсетілген хабарламада.

 2016 жылы көлік қозғалысының жалпы көлемі 2 миллион 697 мың автокөлікті құрады.  Бұл 2015 жылмен салыстырғанда аталған күре жолмен көлік қозғалысының 4,3 пайызға артқанын көрсетеді.

Ақылы автомобиль жолдарының дирекциясының шығындарының негізгі бөлігі материал сатып алу, жұмысшыларға айлық төлеу, жанар-жағар май, қосалқы бөлшектер мен құрал-жабдықтарды сатып алу, амортизациялау, жұмыс және қызмет көрсету және көліктерді жөндеуге жұмсалып отыр. Дирекцияның жоспарына сәйкес 2016 жылы 1 миллиард 165 миллион теңгеге жолды күтіп, ұстау және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 278 миллион 935 мың теңгесі төлемдерді қабылдау жүйесін ұстауға жұмсалса, қалғаны жолды күтіп, ұстау және жөндеу жұмыстарына бағытталды. Жай күндері тәулігіне 7-8 мың көлік қозғалса, демалыс күндері 12  мың дейін жетеді. Жол жүруді ыңайлы етуде қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау терминалдары пайдаланылуда. Қызмет көрсету аясында кеңейтуде төлемдерді «Халық банк», «Сбербанк», «Каспий банк» интернет банкингі және «QIWI-кошелек» және «Каспий-кошелек» арқылы жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар, қолданушылар банк карточкасына қосылған «Жеке кабинеті» арқылы өз есепшоттарын толтыра алады.  Ұсынылған қызмет ақша қабылдаудағы жүктемені азайтып, төлемдеді қабылдау пунктерінде кептелістерді азайтуға мұмкіндік бермек.