2016 жылы Астана жұмыспен қамту орталығы 600 жұмыссызды қысқамерзімді курстарда оқытады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Астана жұмыспен қамту орталығы қысқа мерзімді курстарда жұмыссыз 600 адамды оқытады. Бұл туралы Астана қаласы «Жұмыспен қамту орталығы» КММ директорының орынбасары Абай Баймолдин қалалық әкімдікте өткен брифингте хабарлады.
None
None

«Биыл 600 жұмыссыз азаматты дайындау жоспарлануда. «Ютария» компаниясы 100 тігінші дайындауға тапсырыс алды. Қалған мамандықтар да айқындалды, олар: шаштараз, аспаз, электрик, электрмен дәнекерлеуші. Бұл жұмыс наурызда басталады», - деді А. Баймолдин.

Оның айтуынша, мамандар дайынау курсы - қысқамерзімді. 1 айдан 3 айға дейін.

А. Баймолдин Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздарды жастар практикасына және әлеуметтік жұмысқа жіберетін хабарлады.

 

Соңғы жаңалықтар