2016 жылы Астанада Орталық Азиядағы ең үлкен Хореография академиясы ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Астанада Орталық Азиядағы ең үлкен Хореография академиясы ашылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

2016 жылы Астанада Орталық Азиядағы ең үлкен Хореография академиясы ашылады

«Қазақ ұлттық Хореографиялық академиясы ғимаратының құрылысы басталды. Атап айтқанда ЭКСПО қалашығы маңынанан 10 гектар жерде оның құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл академияның ашылуы 2016 жылдың сәуір айына жоспарланып отыр», - деді ведомство басшысы.

Осы орайда ол бұл академия Орталық Азиядағы ең үлкен оқу ордасы болатынын атап өтті.

Министрдің айтуынша, 2016 жылдың мамырынан Хореографиялық академияда оқушылар қабылданып, қыркүйектен бастап онда тәлім беру жұмыстары жүзеге асырылады.