2016 жылы біліктілігін арттырған ұстаздар саны 73 мыңнан асып жығылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Қазақстанда біліктілігін арттырған ұстаздар саны 73 мыңнан асып жығылатын болады. Бұл туралы бүгін білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова айтты.

2016 жылы біліктілігін арттырған ұстаздар саны 73 мыңнан асып жығылады

«Педагогтерді кәсіби тұрғыда дамыту үшін біліктілік арттыру орталықтары құрылды. Педагог кадрларды дайындау және біліктіліктерін артыру жүйесі жетілдірілді. Кембридж университетімен бірлесіп, біліктілік арттырудың 3 деңгейлі жүйесі енгізілді», - деді Г.Әбдіқалықова.

Вице-премьердің атап өтуінше, 2012-2014 жылдар аралығына 150 мың адам қысқа мерзімді курстан, 39 мың адам үш айлық курстан өткен. Соның нәтижесінде аталған ұстаздардың жалақылары 30-дан 100 пайызға дейін өскен.

«2014 жылдың соңына дейін - 9 770, 2015 жылы - 16 592, 2016 жылы - 16 590 педагогті оқыту жоспарлануда. Нәтижесінде 2016 жылы 73 123 оқытушы білім алады», - деді ол.