2016 жылы Еуропаға тағы да миллион босқын келуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропаға 2016 жылы тағы да бір миллион босқын келуі күтілуде, деп болжайды Халықаралық көші-қон ұйымы.
Ұйымның деректеріне қарасақ, 2015 жылы Жерорта теңізі арқылы Еуропаға 1 миллионнан астам мигрант келген.
Босқындардың тасқынын Сириядағы ахуалдың тұрақталуы ғана тоқтата алады.
«Егер Сириядағы қақтығыстар тыйылса, миллиондаған адамдар өз елдеріне қайтып, үйлерін, шаруашылықтарын қалпына келтіругетырысар еді, яғни үлкен өзгерістер болар еді», - деп мәлімдеді ХКҰ-ның ресми өкілі Джоэл Миллман.
Соңғы уақытта Еуропаға келіп жатқан мигранттардың басым бөлігі яғни, 91% үш елден - Сирия, Ауғанстан мен Ирактан қоныс аударғандар.