2016 жылы қауіпсіздіктің ұлттық электронды сертификаты енгізіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов қауіпсіздіктің ұлттық электронды сертификаты енгізілуіне және интернетке шифрлік қорғауы жоқ протоколдар арқылы кіруге тыйым салатын нормаға қатысты түсініктеме берді.
«Шифрланған деректермен алмасу бағытындағы қарым-қатынастарды реттеуге қатысты өзгерістерге келетін болсақ, бұл жерде біз шетелден берілетін шифрланған қозғалысын реттеу саласында белгілі бір нормалар өзгертілді. Бұл процедура Қазақстан Республикасының аумағында қызмет көрсететін ресурс пайдаланушылардың өзара қарым-қатынасына қолданылмайды. Мен интернет пайдаланушылар арасында туындап жүрген сұрақтарды білемін. Мен оларға ақпараттардың құпиялылығына алаңдамауға болады деп сендіре аламын», - деді вице-министр.
Сонымен қатар ол қауіпсіздіктің ұлттық электронды сертификаты енгізілуіне және интернетке шифрлік қорғауы жоқ протоколдар арқылы кіруге тыйым салатын нормаға қатысты түсініктеме берді.
«HTTPS трафик деген ұғым бар. Ол - ресми трафик. Барлық әлем елдерінде шифрлік протокол мәліметтерін реттейтін осындай норма қабылданған. Қазақстан аумағында қызмет көрсететін компанияларға бұл норма таралмайды.
Бұл норма ҚР аумағында CTPS трафик арқылы қызмет көрсететін контент-өндірушілерге қатысты», - дейді ол.
С. Сәрсеновтің сөзіне қарағанда, жақын уақыттары осы мәселелерді реттейтін заң актілері жасақталады.
«Ол актілер жасалып болған соң, біз оны көпшілік назарына жариялаймыз. Заң 2016 жылы 1 қаңтарда күшіне енеді», - дейді вице-министр.
«Біз қауіпсіздік сертификатын енгіземіз, ол - электронды кілт. Егер кез келген азамат одан бас тартса да, интернетке кіруге мүмкіндік бола береді. Байланыс операторлары кілтпен қамтамасыз етеді», - деді С. Сәрсенов.