2016 жылы «Қазақстан» арнасы көрермендерді тағы да жаңа сериалдар топтамасымен қуантпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы «Қазақстан» арнасы көрермендерді тағы да жаңа сериалдар топтамасымен қуантпақ. 9 қаңтардан бастап Қазақстан арнасы «Өмірдің өзі новелла» атты көпсериалы телехикаяны ұсынады.
None
None

Бұл туралы «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметі хабарлады.

«Өмірдің өзі новелла» - бұл лирикалық, драмалық және өмірдегі терең ойландыратын оқиғалардан құралған. Сериалдың өнегелі тәрбиелік мәні бар. Көрермендер алдында жарқын әрі әсерлі оқиғаларға толы қоғам өмірінен алынған жекелеген өмір парақшалары ашылады. Әрбір серия адамзат өмірінде кездесетін ата-ананы сыйлау, достық, адалдық, сатқындық, рақымшылық, дәстүрге құрмет секілді өзекті мәселелерді қозғайды.

Киноновелла топтамасы өздігінше 24 бөлек фильмерден құрастырылған, оның әрбіреуі қай жағынан не күтіп тұрғанын білмейтін шытырман оқиғалар қатарынан құралған. Оқиғалар желісі бір-бірімен тікелей байланыспаған және әрбір эпизод бірегей стильде ұстанған. Фильмде кейіпкерлердің әртүрлі міңез-қылықтары араласқан оқиғалармен толы. Сериалдың айрықша ерекшелігі бұл ұзаққа созылатын қызықсыз сюжеттерден құрастырылмаған.

Фильмде кейіпкерлермен қабылданатын шешімдер барынша ғибратты болып келеді, көрермендер болып жатқан оқиғаларды өмірде кездесетін жағдайлармен салыстыра сол көрсетілген жағдайлар негізінде өзінің істеріне және міңез-қылығына баға беріп, сырттай көре алуға мүмкіншілік туады.

Сериал отбасылық болып табылады және барлық жастағы көрермендерді қызықтырады деген ойдамыз. «Қазақстан» арнасында сериалдың көрсетілімі 9 қаңтардан басталады.

«Өз кезегінде «Қазақстан» арнасы барлық көрермендерге жарқын әрі әсерлі жобалар дайындап келер жылы назарларыңызға ұсынуға дайын екендігін жеткізеді», - делінген хабарламада..

Соңғы жаңалықтар