2016 жылы Қазақстан мен Ресей арасында қатынайтын халықаралық пойыздарда жүру арзандайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресейлік әріптесі «Федералды жолаушылар компаниясымен» жүргізген келіссөздердің нәтижесінде жаңа жылдан бастап Қазақстан мен Ресей арасында қатынайтын халықаралық пойыздарға билеттердің арзандайтынын хабарлады.
None
None

2016 жылдың 11 қаңтары мен 23 желтоқсаны аралығында билеттердің сатып алу мерзіміне байланысты төмендегідей жеңілдіктер қарастырылған:

СВ және купе вагондарға:

- пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулікке дейін бұрын сатып алса 45 пайыз;

- пойыздың жүруінен 30 тәулік бұрын сатып алса 35 пайыз.

Плацкарт вагондарға:

- пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулікке дейін бұрын сатып алса 35 пайыз;

- пойыздың жүруінен 30 тәулік бұрын сатып алса 25 пайыз.

«Бұл жеңілдіктер енгізілмеген кездегі Астана-Мәскеу бағытындағы плацкарт вагонның билеті 48 601 тенгені құрайтын. Енді пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулікке дейін бұрын сатып алсаңыз, бұл билетті әлдеқайда арзан, яғни 31 678 тенге сатып алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, қазір осындай жеңілдіктер жөнінде Өзбекстанның, Тәжікстанның және Қырғызстанның ұлттық тасымалдаушыларымен келіссөздер жүргізілуде», - деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар