2016 жылы Қазақстан Өндіруші саланың айқындығы бастамасы стандарттарына сәйкестігін растауы тиіс
Өндіруші саланың айқындығы бастамасы (ӨСАБ) Йоханнесбургте тұрақты даму бойынша өткен саммитте көтерілді және оған ҚР Президенті Н.Назарбаев қолдау білдірді. ҚР Үкіметі мұнай және тау-кен табысының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған аталмыш бастаманы жүзеге асыру бойынша міндеттеме алды.
ӨСАБ енгізуші елдер арасында Қазақстан алғашқы болып 2013 жылы мамырда Халықаралық басқарма қабылдаған жаңа стандарттарға сәйкес Ұлттық есеп дайындады. 2016 жылы Қазақстан Өндіруші саланың айқындығы бастамасы стандарттарына сәйкестігін растауы тиіс.
«ӨСАБ жүзеге асыру экономиканың негізгі бөліктеріне оң әсерін береді және өзгелерге үлгі болуы да ғажап емес. Ол бастама Қазақстанның халықаралық беделін және энергетикалық саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады. Қазақстан ӨСАБ енгізу бағытында үлкен жетістіктерге жетті. 2016 жылы ӨСАБ стандарттарын қайта валидтеу бағытында Қазақстан тағы да өзінің сол стандарттарға сәйкестілігін растауы тиіс. Ең маңызды істердің бірі - жергілікті деңгейде ашықтықты қамтамасыз ету, жаңа есептілік талаптарын қолдану және халық арасында ӨСАБ танымалдылығын арттыру», - деді Ә.Мағауов.
Бүгінгі күні 48 мемлекет ӨСАБ мүшесі болып табылады. Олардың 31-і бастама стандарттарына сәйкес келетіндіктерін дәлелдеді.
Айта кету керек, ӨСАБ аясында елдер Ұлттық Есеп дайындайды. Онда: өндіруші сала бойынша контекстуалдық ақпараттар, бюджетке түсетін табыс, жеке меншіктегі мемлекет үлесі бойынша дивиденттер, тасымалдау бойынша мәліметтер, өндіруші саланың ел экономикасына қосып жатқан үлесі туралы ақпараттар, әлеуметтік инвестициялар жөніндегі деректер келтіріледі.