2016 жылы Қазақстанда 1,5 млн. шаршы метр баспана тапсырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қосымша дағдарысқа қарсы шаралар 2016 жылы баспананы пайдалануға беру болжамын екі есеге арттырады. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті.
None
None

«Жедел ақпарат бойынша өңірлер тұрғысында жобалардың алдын ала пулы қалыптастырылды. Бюджетті нақтылағанға дейін тізім пысықталып, жергілікті атқарушы органдармен келісіледі. Қабылданған шаралардың арқасында жоспар бойынша ескерілген 2016 жылға 516,5 мың шаршы метр баспананың орнына, биыл 1,5 млн. шаршы метр тапсырылады және 2017 жылы 540 мың шаршы метр пайдалануға беріледі. Бұл өз кезегінде ЖІӨ өсіміне 0,5 пайыз деңгейінде үлес қосады және 70 мыңнан астам қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді»,-деді министр.

Оның айтуынша, тұрғын үй құрылысын қаржыландыру көлемі мен талаптарына енген өзгерістерді ескере отырып, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына тиісті өзгертулер енгізіледі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биылдың 1 маусымына дейін Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының жаңа Стратегиялық жоспарын даярлау аясында бөлек бөліммен Қазақстандағы тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша жаңа концептуалды қадамдар әзірленеді», - деді Е. Досаев.

Соңғы жаңалықтар