2016 жылы Қазақстанда 6 млрд. теңгеге индустриалды аймақтарды қаржыландыру қарастырылған

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Қазақстанның түрлі облыстарында индустриалды аймақтарды қаржыландыру бойынша бірқатар бағыттар қарастырылған. 2015 жылы біз 5,5 млрд. теңгеге қаржыландырсақ, 2016 жылы еліміздің 5 облысында 6 млрд. теңгеге 6 индустриалды аймақтарды қаржыландыру жоспарланып отыр», - деді А. Әріпханов Астана экономикалық форумы аясындағы Ұлы Жібек жолы елдері форумында.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде республика бойынша 42 индустриалды аймақ бар, оның ішінде жалпы ауданы 8,5 мың гектар 15 аймақ қызмет етуде, қалған 27-сі құрылыс кезеңінде.
«Жұмыс істеп жатқан аймақтардың аумағында 2 млрд. доллар инвестициямен 332 жоба орналасты. Жалпы, жобаланған индустриалдық аймақтарды құрғаннан кейін, оларды жобалармен толықтыру және инвестиция тарту бойынша қажеттілік туындайды»,-деді вице-министр.