2016 жылы қазақстандықтар қай елдерге жиі саяхаттағаны анықталды
Оны анықтау үшін аталған компания 24 мыңнан астам полистерді сараптап шыққан. Нәтижесінде, қазақстандықтар саяхаттаған танымал шет елдердің рейтінгі дайындалған. Рейтингте Шенген аймағы елдері (Германия, Испания, Италия, Греция) көш бастап тұр. Қазақстандық туристерге 2016 жылдың басынан берілген барлық медициналық полистің 32 пайызы осы елдерге шығатындарға ресімделген.
Балаларымен демалыс өткізу мәселесінде қазақстандықтар негізінен 2016 жылы Түркияны таңдағаны белгілі болды. Компания ресімдеген полистер бойынша сараптайтын болсақ, Түркияға берілген полистер пайыздық көрсеткішпен есептегенде 19 пайызды құраған.
Алайда, Түркиядағы террактілер мен әскери төңкерістен кейін қазақстандықтар бұрынғыға қарағанда биыл аз барған.
Бұл жағдай Түркияның бәсекелестері БАӘ мен Таиландқа тиімді болған.
Түркиядан кейін рейтингте үшінші орынды Бірікке Араб Әмірліктері алған. Ол елге барушыларға 17 пайыз медициналық сақтандыру полистері ресімделген.
Қазақстандықтар саяхаттағанды ұнататын төртінші ел Таиланд корольдігі. Бұл елге саяхаттаушы қазақстандықтарға 8,1 пайыз сақтандыру полисі ресімделген. Келесі орында Ресей мен Грузия. Аталған елдерге барлығы 2 пайыз полис ресімделген.
«Жалпы, жаһандағы ахуал, халықтың табыс көзінің азаюы, шет елге демалушылардың санын кемітіп отыр. 2015 жылы жаз маусымында баруға ыңғайлы болған елдерге 2016 жылы барушылар көп болмады. Ресми статистика бойынша, 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығында шетелге Қазақстаннан 4,5 млн турист шыққан. Бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңі, алғашқы жарты жылдығымен салыстырғанда 18 пайызға төмен. 2015 жылы ол кезеңде Қазақстаннан 5,5 млн турист шетелге барып демалған», - делінген сақтандыру компаниясының хабарламасында.