2016 жылы Қазақстанның экспорттық тауарларының құны көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат  - 2016 жылы Қазақстанның экспорттық тауарларының құны көтерілді. Бұл туралы ҚазАқпарат еліміздің Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

2016 жылы Қазақстанның экспорттық тауарларының құны көтерілді

Ведомство мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылы өндіруші кәсіпорындар бағасы өңдеу өнеркәсібінде - 19,6%, кен өндіру өнеркәсібінде 14,1%-ға жоғарылады. Өндірілген өнім - 16,8%, өндірістік сипаттағы қызметтер 3,6%-ға қымбаттады.

Өткен жылда өндіруші кәсіпорындар бағасы мазутқа - 36,6%, дизель отынына - 35,3%, сұйытылған пропан және бутанға - 29%, табиғи газға - 27%, металл кендеріне - 16,3%, мұнайға - 15%, бензинге - 13,7%, көмірге 1,4%-ға жоғарылады.

Бағаның ферроқорытпаларға - 54,4%, қорғасынға - 51,9%, қара металдар илегіне - 39,8%, асыл металдарға - 30,1%, мысқа - 24,3%, алюминийге 19,6%-ға жоғарылауы тіркелді.

Бағаның жармаларға - 37,6%, құс етіне - 24,9%, қара бидай ұнына - 20%, бидай ұнына - 9,4%, қантқа - 19,1%, шайға - 15,3%, өсімдік майына - 15,2%, сүт өнімдеріне - 12,8%, мал етіне - 10,8%, нанға - 10,4%, балыққа - 7,2%, макарон өнімдеріне 4,9%-ға жоғарылауы байқалды.