2016 жылы ҚР-ға шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы 63 мың адамды құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресми дереккөздер мәліметтері бойынша 5 жылдың ішінде Қазақстанға келген шетел азаматтарының саны өзгерген жоқ.

2016 жылы ҚР-ға шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы 63 мың адамды құрады

Қазақстандағы шетел қызметкерлерінің қызметі квота арқылы шешіледі, яғни ҚР Үкіметі жыл сайын табыс табуға Қазақстанға келетін шетелдіктердің санын белгілейді (тіркейді). Бұл квота экономикалық белсенді халықтың 0,7 пайызынан аспайды. Мысалы, 2016 жылы квота 63 мың адамды құрады.

Былтыр да квота мөлшері осындай болды. Алайда 2015 жылы бар-жоғы 32 мың ғана рұқсат берілді, осылайша, квота тек жартылай ғана игерілді. Бұл ретте, квота тапшылығы отандық еңбек нарығында байқалатын білікті қызметкерлерді тартуды көздейді. Олардың 2034-і ғана ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеуге келген.

Жыл сайын республикамызға орта есепен алғанда түрлі мақсатпен бір миллионнан астам шетелдік азамат келеді. Бұлар туристер, іссапармен келгендер, студенттер, жұмыскерлер және т.б., олардың көпшілігі (80-90 пайыз) - ТМД елдерінің азаматтары.