2016 жылы ҚР ИДМ-ге қарасты кәсіпорындарға қатысты шағым түскен жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің блогына 615 өтініш түскен, оның 537-сі қаралды.
«78 өтініш ҚР ИДМ құзыретіне кірмейді. Келіп түскен өтініштердің басым көпшілігі индустриялдық даму, өнеркәсіптік қауіпсіздік, байланыс және ақпараттандыру саласына қатысты.
Биыл жыл басынан бері 90 өтініш түскен. Министрліктің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың жетекшілеріне қатысты шағымдар тіркелмеген», - деп хабарланды ҚР ИДМ баспасөз қызметінен.