2016 жылы ҚР Судьяларының мінез-құлық қағидаттары мен қағидаларының жаңа әдеп кодексі қабылданады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы ҚР Судьяларының мінез-құлық қағидаттары мен қағидаларының жаңа әдеп кодексі қабылданады. Бұл туралы бүгін тілшілерге берген сұхбатында Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрайымы Айгүл Қыдырбаева мәлім етті.
None
None

Атап айтқанда, Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық кеңестің бірінші отырысы болып өтті. Отырыстың күн тәртібіне сәйкес, инвестициялық даулар ұғымдарын анықтаудың тәсілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы судьяларының мінез-құлық қағидаттары мен қағидалары әдеп кодексінің жаңа жобасы талқыланды.

«Судьяларының мінез-құлық қағидаттары мен қағидаларының әдеп кодексі жайында айтатын болсақ, қоғам бір орында тұрған жоқ және үнемі даму үдерісін жалғастыруда. Сондықтан да судьяның моральдық-этикалық бейнесіне жаңа талаптар алға тартылуда және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру тұрғысында Судьялар одағымен жаңа Әдеп кодексінің жобасы әзірленді. Құжат жобасы 5 тарауда, 30 баптан тұрады. Аталған жоба Жоғарғы Соттың сайтында жарияланып, кеңінен талқыланып жатыр. Естеріңізде болса, құжат Жоғарғы Сотта қаңтарда таныстырылған еді. Оны 2016 жылы жетінші кезектен тыс Судьялар съезінде қабылдау жоспарланып отыр»,-деді А. Қыдырбаева.

ҚР Жоғарғы соты жанынан Халықаралық кеңесті құру «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 25-қадамын жүзеге асыру аясында қамтылған. «Шетелдік және халықаралық соттардың үздік стандарттары бойынша сот істерін жүргізуді қамтамасыз ету үшін Жоғарғы Сот жанынан беделді шетелдік судьялар мен заңгерлер қатысатын халықаралық кеңес құру. Кеңес қазақстандық сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша Жоғарғы Сотқа кеңес беріп отырады»,-делінген Ұлт жоспарында.

Халықаралық кеңес туралы ережені 2016 жылдың 15 қаңтарында Жоғарғы Сот қаулысымен бекітті. Кеңес құрамына қазақстандық ғалымдармен қатар, шет елдердің беделді заңгерлері енді.

Соңғы жаңалықтар