2016 жылы күн энергиясы алғаш рет көмірді басып озды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы күн электр станцияларының жиынтық қуаттылығы 74 гигаватты құрап, көмірмен жұмыс істеп, 57 гигаватт қуат өндіретін электр станцияларын алғаш рет басып озды. Бұл туралы Халқыралық энергетика агенттігі (IEA) хабарлады.
Жалпы алғанда, жаңартылған энергия көздерімен жұмыс істейтін әлемдегі электр станцияларының жиынтық қуатының артуы 2016 жылы 164 ГВт құрады - бұл кез келген көздердегі барлық электр станциялары артуының 75%-ын көрсетеді. Салыстырмалы түрде, 2015жылы бұл көрсеткіш 153 гигаватты құраған еді.
Баяндаманың авторлары мұндай нәтиже күн мен жел энергиясы өндірісінің құнын төмендетумен, сондай-ақ баламалы энергетикалық секторды мемлекет қолдауының арқасында мүмкін болып отыр деп санайды. Бұл, әсіресе, өткен жылы үкіметтің шығарындарын азайту бағдарламасының арқасында жасыл энергетика саласындағы ең үлкен прогреске қол жеткізген Қытайға қатысты.
Соңғы алты жыл бойы (2011 жылдан 2016 жылға дейін) баламалы энергияның өсу қарқыны бойынша екінші орынды 160 гигаваттпен АҚШ иеленіп келсе, үшінші орында - Үндістан (86 гигаватт) тұр.
Бұдан бұрын ХЭА 2015 жылы барлық жасыл электр станцияларының жиынтық қуаттылығының артуы көмір станцияларынан алғаш рет асып түскенін хабарлаған еді.