2016 жылы «Нұрлы Жол-Батыс» және «Нұрлы Жол-Оңтүстік» көлік дәліздерінің құрылысы басталады

Министрдің сөзіне қарағанда, 2015 жылы Үкімет Азия Даму Банкінен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау үшін 228 млн. доллардың кредиттік желісін тартқан. Сонымен қатар, дәл осы бағытта АДБ-нен 2016 жылы қосымша 200 млн. доллар тарту қарастырылады.
«Бұдан бөлек, 2016 жылы Ислам Даму банкі мемлекеттік кепілдеме негізінен «Қазсушаруашылығы» АҚ-мен бірлесе отырып, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында сауармалы егістіктерді қалпына келтіруге бағытталған жобаларды жүзеге асыру көзделеді. Сонымен қатар, барлық Халықаралық қаржы құралдарымен бірлесе отырып, 2016 жылы шұғыла қағидаты бойынша «Нұрлы Жол-Батыс», «Нұрлы Жол-Оңтүстік» көлік дәліздерінің учаскелерінің құрылыс басталады. Соның ішінде Халықаралық қаржы құралдарымен арадағы қолжеткен келіссөздерге байланысты жолдардың екі учаскесі үкіметтік заемдар арқылы, қалғаны мемлекеттік кепілдеме бойынша «Қазавтожол» АҚ қарыз алуы есебінен жүзеге асады», - дейді Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, 2016 жылы Халықаралық қаржы құралдарымен бірлесе қаржыландырылатын жобалар үшін бюджеттен 41,3 млрд теңге қарастырылады. «Осыған байланысты жоғарыда аталған жобаларды уақытылы бастау үшін орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер құжаттарын ағымдағы жылдың 10-желтоқсанына дейін тапсыруды қамтамасыз етулері қажет», - деді ведомство басшысы.