2016 жылы жануарларға арналған әлемдегі алғашқы әуе терминалы ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте жануарларға арналған әлемдегі тұңғыш авиатерминал салынады, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
None
None

«Үміт кемесі» деп аталатын терминал Джон Ф.Кеннеди әуежайында салынбақ. Ол ірі және ұсақ жануарларды ұшақ бортына қабылдауды, оларды тасымалдауды және сақтауды бақылау аймағы ретінде пайдаланылмақ. Бұл жерде бірінші кезекте, ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау мәселесі қарастырылып отыр, дегенмен әуе терминалы барлық төрт аяқты жан-жануарлардың ұшақпен саяхаттауы үшін қолайлы орынына айналады, деп күтілуде. Терминалда сондай-ақ жануарларды ұшаққа дейін қолайлы климаттық жағдайларда жеткізу, оларды ветериналардың тексеруі, ұшу алдында жануарды бабына келтіру тәрізді қызмет түрлері қосымша ақы төленген жағдайда ұсынылатын болады. Жобамен жұмысқа сәулетшілер ғана емес, ветеринарлар мен жануарларды қорғаушылар, биологтар жұмылдырылуда. Әуе терминалы 2016 жылы ашылады.

Соңғы жаңалықтар