13:51, 25 Қараша 2014 | GMT +5
2016 жылы зiлтемiршiлер Рио Олимпиадасынан кемiнде 3 алтын алуы тиiс - Е. Қанағатов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстаның ауыр атлетикадан ұлттық құрамасы 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада ойындарында кем дегенде үш алтын алуы тиiс.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов мәлім етті.
"Лондон Олимпиадасынан кейін ауыр атлеттерімізге деген жоспарымыз күшейді. Спортшылар мен жаттықтырушылар медаль алу оңай шаруа емес екенін біледі, бірақ басты міндет сол болуы керек. Жас, болашағы зор спортшылар шығып жатыр. Жалпы, ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының Риодағы жетістігі - кем дегенде үш алтын медаль болуы керек", - деп атап өттi Е.Қанағатов.
Оның айтуынша, бұл жоспарлар әлi жiтi талқыланатын болады, жаттықырушылар тобының ойлары сарапталып, нақты болжам жасалады.