2017-2018 жылдар аралығында инфляция алдын ала болжамға сәйкес болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржы-несиелік саясат шарттары сақталған жағдайда 2017-2018 жылдары инфляция деңгейі болжам бойынша ішкі мақсатты бағытта болады. Өз кезегінде ол биылғы жылдың ағымдағы тоқсанында-ақ қаржы-несиелік шарттардың жеңілдеуіне мүмкіндік береді. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«2017 жылдың 10 сәуірінде шешім базалық ставка негізінде қабылданды және ол 11 пайыз деңгейінде болады. Мұндай шешім жыл басынан бері байқалған іскерлік белсенділік пен ішкі қаржы нарықтарындағы жағдайдың тұрақтылығын есепке ала отырып, қабылданды»,-делінген Ұлттық банктің баспасөз-баянында.

Бұл ретте халықаралық нарықтардағы шарттарға, 2017 жылы бюджеттік шығындардың кеңеюіне, сонымен қатар тұрғындардың кірістерінің оң әсеріне деген икемділіктің сақталуы болашақ инфляциялық процестер бойынша біршама тәуекелдердің болуына ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар
telegram