2017-2020 жылдары сенімгерлік басқаруға 124 емхананы беру жоспарлануда
«2017-2020 жылдары сенімгерлік басқаруға 124 емхананы беру жоспарлануда. Екінші кезеңді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мүлік, білім, денсаулық сақтау және басқа құқықтық актілерге түзетулер енгізуді қажет етеді. Сондықтан, екінші кезең бойынша қысқарту 2017-2019 жылдар кезеңін қамтиды. Бұл шаралар бюджеттік шығыстарды және мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттырады», - деді Сұлтанов.
Министрдің айтуынша, түгендеу нәтижелері бойынша мемлекеттік меншікті оңтайландыру 2 кезеңмен жүргізіледі. Алдымен мемлекеттік меншік ұйымдарының саны 1 мыңнан аса ұйымға немесе 16 пайызға қысқарады. Екінші кезеңде тағы 4 600-ге жуық ұйымға немесе бастапқы санынан 65 пайызға азайту ұсынылады.
Бірінші кезеңде ұйымдар саны 1 136 кәсіпорынға қысқарады. Олардан: 408 ұйым кестеге енгізілген; 105 ұйымды кестеге енгізу ұсынылады; 380 ұйым қайта құру жолымен қысқарады; 243 ұйымды тарату (жою) ұсынылады. Сонымен, бірінші кезеңнен кейін мемлекеттік меншікте 6 мыңнан аз кәсіпорын қалады. Қалған ұйымдардың негізгі бөлігін балабақшалар, колледждер, ауруханалар құрайды. Олар бәсекелестік ортаға екінші кезеңде ұсынылатын болады.