2017 жылдан бастап елімізде жеңіл-желпі қылмыс жасағандар тұтқынға алынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдан бастап елімізде жеңіл-желпі қылмыс жасағандар тұтқындалады. Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдеріне ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлім етті.
«Жаңа қылмыстық кодекс түрмедегі адамдардың санын қысқартуға қатысты қазіргі заманғы барлық талаптарды өзіне сіңірген», - деді ол.
Дегенмен, оның сөзіне қарағанда, қысқа мерзімге тұтқынға алынған адамдардың саны арта түсуі күтілуде. Ал бұл республикадағы қабылдау-тарату орындарының артуын талап етеді.
«Республикалық бюджеттік комиссия қаржы бөлді. Бірақ, қабылдау-тарату орындарын салу қажет. Осыған байланысты жеңіл-желпі қылмыс жасағандарды тұтқындау 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді», - деді Бас прокурордың бірінші орынбасары.
Айта кетейік, бүгін елордада ҚР Бас прокуратурасы институтының ұйымдастыруымен Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару, әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерінің жаңа моделіне көшу мәселелері жөніндегі семинар кеңес өз жұмысын бастады. Оған Парламент депутаттар, Президент Әкімшілігінің, Жоғарғы соттың Ішкі істер, Әділет министрліктерінің, прокуратура органдарының өкілдері, ғалымдар мен құқықтанушылар қатысуда.